«№27 Өмірзақ орта мектебі» КММ тарихы

 

             Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында КСРО ыдырап, әр ұлттың өз отандарына қарай үдере қоныс аударуына байланысты, Өмірзақ кентінде жан-жақтан қазақтар, қалпақтар келіп қоныстанды. Мұндағы бұрынғы ұлттар өз елдеріне кетті. Сол кездегі КСРО халықтарын жайлаған дағдарысқа байланысты жергілікті жерде мектептің болмауы, көшіп келушілерге балаларын оқытуға көп қиындық туғызды. Мұндағы балалардың бәрі қаладағы №2,3,8 мектептерде оқыды.

               1992-1995 жылдары әрең дегенде жергілікті билік Янованың шапқылауымен бүгінгі мектеп, бұрынғы балабақшаның бір бұрышынан №2 мектепке тиісті бастауыш сыныптар ашты. Мұғалімдері Қошанова Ақсұлу, Татяна Михайловналар болған.

             1995-1996 жылдары қоныстанушылар бірнеше рет қала әкімі С.Оспановқа мектеп ашу жөнінде ауызша, жазбаша шықты. Нәтижеде 1998 жылдың 10 қазанында облыс әкімінің орынбасары Күмісқалиев мырза сол балабақшаны 9 жылдық толық емес орта мектеп қылып ашып, қоныстану-шыларды қуанышқа бөледі. Мектептің алғашқы директоры Кесиков Таңбай, оқу-ісі жөніндегі орынбасары Құрмантаев Қосмырза, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ходжабеков Өмірзақ, Математик Айзақов Орынбек, бастауыш мұғалімдері Чопанова Х, Алмамедова Б, Қалиева, Қошанова А, орыс тілі мұғалімдері Т.Михайловна, Р.Петровна  сияқты мұғалімдермен жұмыс басталып, 1999-2000 оқу жылында ІІ жылдық орта мектепке айналды.
2016ж «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №27 Өмірзақ орта мектебі» аты "№27 Өмірзақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі болып өзгерді.Қазіргі уақытта мектебіміз бүкіл қала мектептерінің арасында алдыңғы қатары 10 мектептің қатарында көрініп отыр.

Соңғы жаңалықтар

"Sport" тақырыбында ашық сабақ

Ағылшын тілі апталығы аясында "Sport" тақырыбында ашық сабақ 3 "А" сынып, пән мұғалімі: Куматаева Айге ...

25 қаңтар 2021
Ашық сабақ - "Food"

Джайылханова Эсем 1 Ә сынып. Ашық сабақТақырыбы: "Food"  ...

22 қаңтар 2021
Дәстүрлі формат

Мектебіміз 3-тоқсанды 1,2,3,4,5,9,11 сыныптар 24 кезекші сыныппен, барлығы 368 оқушымен бастады.9-11 сыныптар ...

16 қаңтар 2021
Жүздері балбұл жайнаған бүлдіршіндер

Су деген –тіршіліктің нәрі емес пе?Су деген –табиғатың жаны емес пе?Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқа ...

12 қаңтар 2021
Жаңа жыл құттықтауы

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!!!Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! ...

31 желтоқсан 2020