«№27 Өмірзақ орта мектебі» КММ тарихы

      Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында КСРО ыдырап, әр ұлттың өз отандарына қарай үдере қоныс аударуына байланысты, Өмірзақ кентінде жан-жақтан қазақтар, қалпақтар келіп қоныстанды. Мұндағы бұрынғы ұлттар өз елдеріне кетті. Сол кездегі КСРО халықтарын жайлаған дағдарысқа байланысты жергілікті жерде мектептің болмауы, көшіп келушілерге балаларын оқытуға көп қиындық туғызды. Мұндағы балалардың бәрі қаладағы №2,3,8 мектептерде оқыды.

        1992-1995 жылдары әрең дегенде жергілікті билік Янованың шапқылауымен бүгінгі мектеп, бұрынғы балабақшаның бір бұрышынан №2 мектепке тиісті бастауыш сыныптар ашты. Мұғалімдері Қошанова Ақсұлу, Татяна Михайловналар болған.
        1995-1996 жылдары қоныстанушылар бірнеше рет қала әкімі С.Оспановқа мектеп ашу жөнінде ауызша, жазбаша шықты.
         Нәтижеде 1998 жылдың 10 қазанында облыс әкімінің орынбасары Күмісқалиев мырза сол балабақшаны 9 жылдық толық емес орта мектеп қылып ашып, қоныстанушыларды қуанышқа бөледі. Мектептің алғашқы директоры Кесиков Таңбай, оқу-ісі жөніндегі орынбасары Құрмантаев Қосмырза, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ходжабеков Өмірзақ, Математик Айзақов Орынбек, бастауыш мұғалімдері Чопанова Х, Алмамедова Б, Қалиева, Қошанова А, орыс тілі мұғалімдері Т.Михайловна, Р.Петровна  сияқты мұғалімдермен жұмыс басталып, 1999-2000 оқу жылында ІІ жылдық орта мектепке айналды.
          2016ж «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №27 Өмірзақ орта мектебі» аты "№27 Өмірзақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі болып өзгерді.
Қазіргі уақытта мектебіміз бүкіл қала мектептерінің арасында алдыңғы қатары 10 мектептің қатарында көрініп отыр.

       2009-2019 жылдар арасында мектепті А.Срымгазиев басқарып келді. 

2019 жылдың 14-ақпан күні мектеп директорының міндетін атқарушы болып Нурбаева Дамен Дүйсенбековна  тағайындалды. 


Соңғы жаңалықтар

Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған оқушылар арасында көркем сөз оқу сайысы

Мектебімізден 9 сынып оқушысы Ыбырай Нұрлыбек қатысып ынталандыруға ие болды. Жазушыға арнау арна ...

20 қазан 2019
"Жүрек жылуы" атты жермеңке

Мақсаты: білім алушылар бойында адамгершілік, жанашырлық қасиеттерін ояту. Әрдайым досына, жақыны ...

19 қазан 2019
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында сурет көрмесі

Мақсаты: Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік және біздің денсаулығымыз көбінесе қ ...

17 қазан 2019
Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойы

Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына о ...

16 қазан 2019
«Ұстаз-ұлы есім» атты мерекелік кеш

Ұстаз ұлы есім екенін ұғындыру, мәнін ашу, ұстаздарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, еңбегін б ...

05 қазан 2019