"Біз жеңісті жырлаймыз"

"№27 Өмірзақ орта мектебі" КММ 3-сыныптар арасында 08.05.2019 ж "Біз жеңісті жырлаймыз"  атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге,  "ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды" деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Ашық тәрбие сағаты "Білім мазмұнын жаңарту" бағдарламасы негізінде өтті. Оқушылар батырлар атауымен топқа бөлініп, топ атына сәйкес түсінік берді. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жасырылып, әр топ бейбітшілік тақырыбына сай өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Мектебіміздің Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Мухидинов У. ағай оқушыларға автоматты шашып, жинау әдістерін көрсетсе, мектеп медбикесі медициналық алғашқы көмек  көрсету әдісін көрсетті. Сабақ соңында "Әрқашан күн сөнбесін", "Көк тудың желбірегені" әні шырқалды. Ашық тәрбие сағаты өте жақсы дәрежеде өтті. Сынып жетекшілері: БитанИ., Алдабергенова Б., Есемуратова А., Оналдикова Н.





«Бала өмірдің шуағы»1-Маусым балалар күні

iconМақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. 

1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРІП ЖАТЫР

icon            2019-2020 оқу жылында «№27 Өмірзақ орта мектебі»  КММ-де 01.06.2019 күнінен бастап оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау жүріп жатыр.  Қажетті құжаттар тізімі: 1. Баланың туу туралы куәлiгінiң көшiрмесi; 2. Денсаулық паспорты (№26/у-3 нысан), (№063/у нысан); 3. 3*4 2 дана фотосурет; 4. Ата-ана ЭЦҚ кілті Ата-ана назарына! 1-сыныпқа қабылдау өтінішін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) немесе https://e.openmangystau.kz/ сайтына ЭЦҚ кілті арқылы бере аласыздар. Мектеп әкімшілігі  

Үздіктер шеруі

iconМақсаты: мектеп абыройын қала, облыс деңгейінде асқақтатып жүрген білімді де, дарынды, талантты, шәкірттерімізді мақтан ете отырып, марапаттау. 

«Құлақтан үні кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!»

iconМақсаты: Түлектердің соңғы қоңырау салтанатына дайындау. Мектептің оқушы жанына қаншалықты ыстық әрі маңызды екендігін ұғындыру.Білімге бастар баспалдақ екендігіне көз жеткізу. 

"Шуағын төккен 4 жыл"

iconМақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып,  әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. 

"Біз жеңісті жырлаймыз"

iconМақсаты: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге,  "ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды" деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Мереке қарсаңында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

iconМақсаты:өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.  

"7-Мамыр Отан қорғаушылар күні"

iconЕр азаматтар қауымы, Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 

«Ынтымақ,бірлік-жарасқан, Мәңгілік ел Қазақстан»

iconМақсаты: ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.  

"Денсаулық құпиялары" ашық сабақ

iconСабақтың мақсаты: Балалардың денсаулық құндылықтары туралы түсінігін кеңейту.  

Соңғы жаңалықтар

«Бала өмірдің шуағы»1-Маусым балалар күні

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. ...

01 маусым 2019
1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРІП ЖАТЫР

           2019-2020 оқу жылында «№27 Өмірзақ орта мектебі»  КММ-де 01.06.2019 күнінен бастап оқушыларды 1-сын ...

01 маусым 2019
Үздіктер шеруі

Мақсаты: мектеп абыройын қала, облыс деңгейінде асқақтатып жүрген білімді де, дарынды, талантты, шә ...

27 мамыр 2019
«Құлақтан үні кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!»

Мақсаты: Түлектердің соңғы қоңырау салтанатына дайындау. Мектептің оқушы жанына қаншалықты ыстық ...

25 мамыр 2019
"Шуағын төккен 4 жыл"

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қала ...

23 мамыр 2019