"Шуағын төккен 4 жыл"

22 мамыр күні "№27 Өмірзақ орта мектебі" КММ акт залында  "Шуағын төккен 4 жыл" атты  4 - сыныптар арасында  бастауышпен қоштасу кеші өтті. Кеш жақсы дәрежеде өткізілді. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.  Ата аналар өздерінің ұстаздарға деген ризашылығын білдірді.  Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып,  әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.  





«Мен оффлайн»

iconМақсаты:Интернетке тәуелділіктің алдын алу. Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.  

"Қазақ тілі және әдебиеті" апталығы

iconМақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету. 

"Жасыл шырша-2018"

icon«Жасыл шырша»  мерекелік шырша Биылғы 2018 жылдың 24-25 желтоқсанында мектептің өндірістік жоспарына сай Президент және қала әкімінің шыршалары өтті. Оған әлеуметтік жағдайы аз қамтылған оқушылар қатысты. Біздің мектебімізден қала шыршасына 7 оқушы қатысып, оған мектеп ұстаздары тәтті сыйлықтар сыйлады. Ал Президент шыршасына әлеуметтік жағдайы өте нашар, көмекке аса мұқтаж 2 оқушы қатысты. Оларға ұялы телефондар, тәтті сыйлықтар, спорттық киімдері, қыстық шапкалар, жылы куртка мен етіктер  табыс етілді.  2018-2019 о/ж білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақ ішетін оқушыларға арнайы қалалық маслихатының депутаты Архимед Бүркітбаев 20 оқушыға тәтті силық силады.   

Интеллектуалды ойын "Полиглот"

icon"№27 Өмірзақ орта мектебі" КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Сатыбалдиева мен орыс тілі пәні мұғалімі Ж.Ильмурадова бирлесе отырып, Үштілділікті оқушыға насихаттау мақсатынды 10-11 сынып оқушыларына үш тілде интеллектуальды ойын "Полиглот" сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу және ойлау  дағдыларын дамыту. Ойын 5 кезеңнен тұрады.  1-кезең «Вопросы и ответы» «Questions and answers» 2-кезең «Пословицы» «Proverbs» 3-кезең «Отгадай слово» «Find the word» 4-кезең «Конкурскапитанов» «Captains’ competition» 5-кезең «Пословицышутят» «Proverbs joke»   

"The king and the bee"

icon"№27 Өмірзақ орта мектебі" КММ  ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Сатыбалдиева 2 сыныпқа "The king and the bee " деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Мақсаты: әңгіме арқылы оқушылардың тыңдалым және оқылым дағдыларын қалыптастыру, араның патшаға көмектескені туралы әңгімені оқу және тыңдау  

"Ел аңсаған-тәуелсіздік"

icon"№27 Өмірзақ орта мектебі" КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Сатыбалдиева 8 - сыныпқа  "Ел аңсаған-тәуелсіздік" атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларымен таныстыру. Тәуелсіз Қазақстанның 27 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.   

"Отбасы-бақыт мекені" тренинг

iconТренингтің мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу; бала тәрбиесіндегі ата - ананың көзқарасын кеңейту; ұстаз - оқушы - ата - ана өзара қарым - қатынастарын жақсарту; отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді ояту. Отбасы деген не,ондағы ата-ананың, баланың өзіндік орны,үш жақты қарым- қатынастың дамуына отбасының ықпалы, «отбасы бақыты» құндылығы мәнін ашу, отбасының қоғамдағы, бала тәрбиесіндегі орнын модельдеу арқылы анықтау. Елбасының «Рухани жаңғыру» жолдауы аясында ата-ана санасының түбегейлі қайта жаңғыртылуына септігімізді тигізу, ұлттық тәрбиенің ескірмеген , жарамды жақтарын тәрбие жұмысында бірлесіп қолдануды іске асыру туралы айта отырып, слайдпен таныстыру, модельдеу стратегиясы арқылы өз пікірлерін ортаға салғызу.«Бала тәрбиесі» видеоролигі арқылы бала тәрбиесіндегі кейбір ойландырарлық жайттарға назар аударту. 

«Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік!»

iconМақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. 

Сенімділік күш береді

icon«№27 Өмірзақ орта мектебінде»КММ – де 11 сыныптар арасында ҰБТ-ға байланысты "Сенімділік күш береді" атты тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.  

Рухани жаңғыру

icon«№27 Өмірзақ орта мектебі» КММ Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 1-11 сынып арасында «100 кітап», «Тарихқа тағзым», «Кітапхана галереясы», «100 жаңа есім» іс шаралар өтті.    

Соңғы жаңалықтар

«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» тақырыбында тарих пәні апталығының ашылу салтанаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыр ...

14 желтоқсан 2019
«№27 Өмірзақ орта мектебінде» КММ де 09.12.2019-14.12.2019ж аралығында мектебімізде тарих апталығы болып өтті.

Байқаудың мақсаты: Тәуелсіз мемлекеттің жеткен жетістіктерін,өткені мен бүгінін жас ұрпақ бойына ...

14 желтоқсан 2019
«Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:  Тәуелсіздік күнінің оңай жолмен келмегенін насихаттай отырып, жас ұрпақ бойына еліне, ж ...

13 желтоқсан 2019
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кеш өткізілді.

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін ү ...

13 желтоқсан 2019