«Бала өмірдің шуағы»1-Маусым балалар күні

01.06.2019ж. күні Өмірзақ ауылы әкімшілігі ғимараты алаңында  1-маусым балалар күні мерекесіне арналған «Бала өмірдің шуағы» атты мерекелік кеш өткізілді. 

   Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

   Балалар тақпақ,ән айтып,ертегілер кейіпкерлерімен ойындар ойнап би билеп көңіл көтерді.

  Өмірзақ ауылы әкімшілігінің демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы ата-аналар отбасы балаларына ойыншықтар берілді және барлық балаларға тегін балмұздақ таратылды. 





"Үздік сыныптан тыс іс-шара"

icon"№27 Өмірзақ орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Қ.Бердімұратова қалалық "Үздік сыныптан тыс іс-шара" байқауына "Отан сүйер ұлан бол" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізіп,  Ақтау қалалық білім бөлімінің II дәрежелі дипломымен марапатталды. 

«Жомарт күз-2018»

icon2018-2019 оқу жылында «№27 Өмірзақ орта мектебі» КММ бастауыш сынып даярлық тобында «Жомарт күз-2018» мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға мектебіміздің даярлық топтары қатысып өз өнерлерін көрсетті. Кішкентай бүлдіршіндеріміз Күз ханшайымына күз мерекесіне арналған өлең – шумақ  жаттауларымен қоса, ән айтып , би билеп көңіл күйлерін көтерді. 1-топ оқушылары  көкөніс болып жаттау айтса, 2-топ оқушылары флешмоб би биледі, 3-топ сән үлгісін көрсетті. Мереке соңында балалардың қызығушылығын ояту мақсатында барлық балалар марапатталды.     

«Жыл ханзадасы мен ханшайымы-2018»

iconМектебімізде 7,8,9 сыныптар арасында «Жыл ханзадасы мен ханшайымы-2018» байқауы өтті. Мектепшілік шараға мектебізідің 7,8,9 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан 1 ханшайым мен 1 ханзада шығып бағын сынады. Сайыс  таныстыру, өз өнері, сән үлгісі, күздік тағам кезеңдері бойынша өтті.  Әділ қазылар шешімі бойынша  9 «ә» сынып оқушысы Кутликадамова Мөлдір мен Бердімбетов Бауыржан «Бас жүлде», 8 «ә» сынып оқушысы Жексенбай Бекзат пен  Ыхлас Дамира I орын, 9 «а» сынып оқушысы Көшербаева Арайлым мен Қорғанбаев Бекарыс II орын, 8 «а» сынып оқушысы Дүйсембаева Айдана мен Самархан Расул  III орынды иеленіп , оқушылар марапатталды.   

"Мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы байланыс" тренинг

icon"№27 Өмірзақ орта мектебі" КММ 2018-2019 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімі Қ.Бердімұратова "Мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы байланыс" атта ата-аналарға психолог мамандармен бірлесе отырып, тренинг  сабақ өткізді.

«Тіл-татулық тірегі»

icon "№27 Өмірзақ орта мектебі" КММ-де  22 - қыркүйек Тілдер мерекесіне орай апталық өтті. Ашылуы үш тілде өтті.     Тіл, сөз дегеніміз - ата - бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал халықтың бүкіл сана - парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнер. Тіл - адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір - бірінсіз өмір сүрмейді. Қай халықтың болса да басынан өткендері, қилы кезеңдері, өз ана тілі арқылы бір - біріне жалғасқан. 

«Сыңғырла, соңғы қоңырау»

iconКеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. 

«1-Маусым балаларды қорғау күні»

iconЖаздың бірінші күніне дәл келетін, «1-Маусым балаларды қорғау күні» - Халықаралық мерекелердің бірі. Мектебіміздің бүлдіршіндерін «1-маусым балаларды қорғау күнімен» құттықтаймыз! Әрқашанда  дендеріңіз сау болып, бақытты балалық шақ, сыңғырлаған күлкі тілейміз. 

Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны

iconМаңғыстау облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және  Ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғай комитетінің 16.05.2018 жылғы №4267 «Уаймсыз балалық шаққа жымиып қараңыз» ұранымен 2018 жылдың 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. 

Құрметті балалар, достар, ата-аналар!

Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!Жұртымыз,еліміз тыныш,деніміз сау,басымыз аман,жұмысымыз жемісті болсын! Мектеп оқушыларын бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын. 

«Жас маман-2018» сайысы

icon

Соңғы жаңалықтар

«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» тақырыбында тарих пәні апталығының ашылу салтанаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыр ...

14 желтоқсан 2019
«№27 Өмірзақ орта мектебінде» КММ де 09.12.2019-14.12.2019ж аралығында мектебімізде тарих апталығы болып өтті.

Байқаудың мақсаты: Тәуелсіз мемлекеттің жеткен жетістіктерін,өткені мен бүгінін жас ұрпақ бойына ...

14 желтоқсан 2019
«Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:  Тәуелсіздік күнінің оңай жолмен келмегенін насихаттай отырып, жас ұрпақ бойына еліне, ж ...

13 желтоқсан 2019
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кеш өткізілді.

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін ү ...

13 желтоқсан 2019