«Құлақтан үні кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!»

25 мамыр 2019 жылы «Құлақтан үні кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!» тақырыбымен салтанатты жиын өтті.

Жиынға ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, мектеп түлектері және 1-11 сынып оқушылары қатысты. Салтанатты жиынға қонақ ретінде Өмірзақ ауылы  әкімінің аппарат басшысы Парахатов Руслан Бахардурвич қатынасты. 

Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқу жылында қатарынан оза шапқан, дарынымен дараланған оқу озаттарын үздіктер марапатталды.

Соңғы қоңырау! Білім алуға жетелеген жаңа өмірдің бастауы іспетті. Сондықтан, бүгінгі жастар білім жолында бәсекеге қабілетті болуға тиісті. Өмір талабы осы. Мұны жақсы түсінетін білім ордасын бітірген жиырма төрт оқушы арасында халықаралық, республикалық білім олимпиадаларында, спорт саласында жеңіске жетіп жүрген оқушыларымыз аз емес.

Мектебіміздің 2 оқушысы алтын белгіге үміткер, 4 үздік аттестан үміткері бар.

- Ата-аналар қауымының атынан Көшербаева  Рабиға  Арысқызы мен 

Айжигитова  Анар Қонысбайқызына:

Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек! Қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер! – деп ағынан ақтарылды.

Ұлттық бірыңғай тесті табысты тапсыруларына ақ жол, сәт-сапар тілеген ниетпен ақ шашты әжелер шашу шашып, «Аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!» деген ақ батасын берді.

Балалықпен қоштасып, үлкен өмірмен қауышу алдында тұрған түлектер оныншы сынып оқушыларына өз тілек-лебіздерін жолдады, жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті

Соңғы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы күрестен Азия чемпионы, Республикалық «Жас барыс»  турнирінің   жеңімпазы,  Қазақстан Республикасының  күрес бойынша бірнеше мәрте жеңімпазы Базабай Рысбек   және Алтын белгі  үміткері, оқу озаты, Республикалық, облыстық,қалалық  пәндік олимпиадалардың  жеңмпазы,мектеп мақтанышы Байтурова Нурсаяға тапсырылды. 





Күзгі демалыс уақыты

iconМақсаты: Күзгі демалыс уақытын қанық, жарқын, ұмтылысмастай өткізу және жаңа оқу тоқсанына қуанышпен, жақсы көңіл күймен оралу.

Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай «Әбіш оқулары» тақырыбында және әлемге танылған қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай«Абай-дара, Абай-дана» тақырыбында мектепішілік байқау өткізілді.

iconМақсаты: Қазақ әдебиетінің классигі Ә.Кекілбаев және қазақтың бас ақыны,ұлы дана,ойшыл, сазгер А.Құнанбаевтың  шығармашылығымен сусындау,өлең жырларын насихаттау,оқырмандық мәдениет қалыптастыру. 

10-11 сынып оқушылары Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 20/18 әскери бөліміне саяхат жасап, тыныс-тіршілігімен танысып, жауынгерлік дайындық жұмыстарының куәсі болды.

iconМақсаты: Оқушыларды Отандық борыштың маңыздылығы туралы ұғындыру. Шараға қатысушы жастардың  әскери өмірге қызығушылықтары артып, отан алдындағы борышын өтеуге жігерленді.            

Рухани жаңғыру аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай «Абай-дана, Абай-дара» атты әдеби кеш, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

iconМақсаты: Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз десек, әр қазақ Абай сөзін танып-білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.  

«Армрестлинг» спорт түрінің мақтаныштарымен кездесу болып өтті

iconМақсаты: жастарды  мектеп жасынан  спортқа баулу, өскелең ұрпақтың санасына   салауатты өмір салтын ұстана  өмір сүруді насихаттау 

«Жастарды діни ағымнан қорғау» тақырыбы бойынша 9-11 сынып оқушыларына жиналыс өткізілді.

iconМақсаты: басқа ағымға кетіп қалу мәселесінің кеңінен орын алуына басты назар аудару қажеттігін және одан сақтану шараларын қарастыру керектігін ұғындыру

Қауіпсіздік шараларының түсінік жұмыстары жүргізілді

icon23.10.2019 жылы  мектеп оқушыларына күзгі демалыс уақытындағы  қауіпсіздік шаралардың  алдын алу  бағытында  тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Ұлболсын Бисенова мен Ақтау қаласы  полиция баскармасының өкілі полиция майоры Рахаев Нурлан Алдабергенұлы түсінік жұмыстарын жүргізді 

Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған оқушылар арасында көркем сөз оқу сайысы

iconМектебімізден 9 сынып оқушысы Ыбырай Нұрлыбек қатысып ынталандыруға ие болды. Жазушыға арнау арнаған 11 сынып оқушымыз Акимова Мәншүк жүлделі екінші орынға ие болды. Сарсенбаева Үмітай жазушымызға арналған ғылыми жобаға қатысып, қазылар алқасының алғысына бөленді.  

Шағын-футболдан жарыс өткізілді

iconМақсаты: балалар футболының дамуымен облыстық жарыстарға қатысу және мықты ойыншыларды анықтау, оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдалану, саламатты өмір салтын ұйымдастыру 

"Жүрек жылуы" атты жермеңке

iconМақсаты: білім алушылар бойында адамгершілік, жанашырлық қасиеттерін ояту. Әрдайым досына, жақынына қамқор болуға, көмекке мұқтаж жандарға қайырымды болуға үйрету. 

Соңғы жаңалықтар

«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» тақырыбында тарих пәні апталығының ашылу салтанаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыр ...

14 желтоқсан 2019
«№27 Өмірзақ орта мектебінде» КММ де 09.12.2019-14.12.2019ж аралығында мектебімізде тарих апталығы болып өтті.

Байқаудың мақсаты: Тәуелсіз мемлекеттің жеткен жетістіктерін,өткені мен бүгінін жас ұрпақ бойына ...

14 желтоқсан 2019
«Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:  Тәуелсіздік күнінің оңай жолмен келмегенін насихаттай отырып, жас ұрпақ бойына еліне, ж ...

13 желтоқсан 2019
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кеш өткізілді.

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін ү ...

13 желтоқсан 2019