«Құлақтан үні кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!»

25 мамыр 2019 жылы «Құлақтан үні кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!» тақырыбымен салтанатты жиын өтті.

Жиынға ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, мектеп түлектері және 1-11 сынып оқушылары қатысты. Салтанатты жиынға қонақ ретінде Өмірзақ ауылы  әкімінің аппарат басшысы Парахатов Руслан Бахардурвич қатынасты. 

Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқу жылында қатарынан оза шапқан, дарынымен дараланған оқу озаттарын үздіктер марапатталды.

Соңғы қоңырау! Білім алуға жетелеген жаңа өмірдің бастауы іспетті. Сондықтан, бүгінгі жастар білім жолында бәсекеге қабілетті болуға тиісті. Өмір талабы осы. Мұны жақсы түсінетін білім ордасын бітірген жиырма төрт оқушы арасында халықаралық, республикалық білім олимпиадаларында, спорт саласында жеңіске жетіп жүрген оқушыларымыз аз емес.

Мектебіміздің 2 оқушысы алтын белгіге үміткер, 4 үздік аттестан үміткері бар.

- Ата-аналар қауымының атынан Көшербаева  Рабиға  Арысқызы мен 

Айжигитова  Анар Қонысбайқызына:

Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек! Қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер! – деп ағынан ақтарылды.

Ұлттық бірыңғай тесті табысты тапсыруларына ақ жол, сәт-сапар тілеген ниетпен ақ шашты әжелер шашу шашып, «Аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!» деген ақ батасын берді.

Балалықпен қоштасып, үлкен өмірмен қауышу алдында тұрған түлектер оныншы сынып оқушыларына өз тілек-лебіздерін жолдады, жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті

Соңғы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы күрестен Азия чемпионы, Республикалық «Жас барыс»  турнирінің   жеңімпазы,  Қазақстан Республикасының  күрес бойынша бірнеше мәрте жеңімпазы Базабай Рысбек   және Алтын белгі  үміткері, оқу озаты, Республикалық, облыстық,қалалық  пәндік олимпиадалардың  жеңмпазы,мектеп мақтанышы Байтурова Нурсаяға тапсырылды. 





"Гауһар тас" повестіне арналған конференция

iconМақсаты:  көркем әдебиетті оқу арқылы жасөспірімдердің рухани және адамгершілік әлеуетін арттыру, отандық  дәстүрлік оқуды жандандыру, отандық  әдебиетке деген  құрметтін арттыру,  

«Ертегілер аралына саяхат»

iconМақсаты: Ойындар арқылы балалардың  денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа, және есте сақтау қабілетін дамыту.  

«Көктем аруы – 2019»

iconMақсаты - қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру,қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.  

«Түлектер аллеясы»

icon08.04.2019ж күні №27 Өмірзақ орта мектебінің «Жастар жылы» аясында 2018-2019 оқу жылының түлектері мектеп жанынан «Түлектер аллеясы» жасақтады. Бұл шараның мақсаты мектептің айналасын көгалдандыру. Бұл игі бастама әр жыл сайын өз жалғасын табады. Түлектердің өз қолдарымен отырғызылған гүлдерін баптау, қадағалау келесі буынға тапсырылды. Белсенді жастардың ісіне сәт-сапар тіледік!  

"Сенбілік-тазалық кепілі"

icon    Мақсаты: елiмiздi көгалдандыру, мектеп айналасын жасыл ағаштармен көркейту, сонымен қатар, жастардың Отанға, жерге деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. 

"Маңғыстау- Серікбол көзімен" атты зияткерлік сайысы

iconМақсаты: Маңғыстау өңірінің біртуар ғалымы Серікбол Қондыбай туындыларынан қызықты мәліметтерді қамтыған зияткерлік сайыс арқылы оқушыларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты біліктілікке баулу   

"Абай оқулары"

iconМақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны, данышпаны - Абай шығармаларын жас ұрпақ бойына сіңіре отырып, адамгершілік рухына тәрбиелеу, Абай сөздерін терең түсінуге баулу, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. 

Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының қалалық байқауы

icon

"Мағжан оқулары"

iconМақсаты: мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау,  мемлекеттік тілдің қолданылуы аясын кеңейту, Мағжан Жұмабаев шығармаларын насихаттау арқылы тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті жандандыру, дарынды балаларды анықтау, ұлттық ой-сананың қалыптасуына ықпал ету.  

"Әлемді тербеткен - Ана!"

iconМақсаты:Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын арттырып, анаға саналы түрде құрмет пен махаббат сезімін калыптастырып, балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Соңғы жаңалықтар

«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» тақырыбында тарих пәні апталығының ашылу салтанаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыр ...

14 желтоқсан 2019
«№27 Өмірзақ орта мектебінде» КММ де 09.12.2019-14.12.2019ж аралығында мектебімізде тарих апталығы болып өтті.

Байқаудың мақсаты: Тәуелсіз мемлекеттің жеткен жетістіктерін,өткені мен бүгінін жас ұрпақ бойына ...

14 желтоқсан 2019
«Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:  Тәуелсіздік күнінің оңай жолмен келмегенін насихаттай отырып, жас ұрпақ бойына еліне, ж ...

13 желтоқсан 2019
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кеш өткізілді.

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін ү ...

13 желтоқсан 2019