«Мектепке жол» акциясы

2019 ж 3 шілдеден 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» Дәстүрлі жалпы Республикалық акциясы өтеді. Биылғы акция «Жүректен жүрекке» ұранымен өткізіліп жатыр. Акция мақсаты: жетім балалар мен аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары және әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік көмек көрсету. Мектеп формасы, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау. Осыған байланысты мектебіміз жаңа 2019-2020 оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж балаларға демеушілік көрсетем деген ауыл жанындағы мекеме басшылары мен тұрғындарды қайырымдылық марафонына қатысуға шақырды.

Ауылымыздың тұрғыны қамқоршылық кеңес мүшесі С.Амангелдиевич және жеке кәсіпкер Б.Турлыбаева 15 оқушыны және ТОО «Северный Терминал» мекемесі 10 оқушыны мектепке қажет оқу құралдарымен қамтыды.

ТОО «Актау Восток» мекемесі 10 оқушыны мектеп формасымен және 10 оқушыны оқу құралдары салынған мектеп сөмкесімен қамтыды.

Ауыл жанында орналасқан «Kaz Trans Oil» ММ АҚ құбыр бұрғылау мекемесі 15 оқушыны және «Эльбрус» кафесі әкімшілігі 7 оқушыны мектепке қажетті оқу құралдары салынған мектеп сөмкесімен қамтамасыз етті.

Қамқоршылық кеңес мүшесі Ақтау қалалық маслихат депутаты А.Бүркітбаев 9 оқушыны және ТОО «Fresh» автокөлік жуу орталығы және «Ақтау тұрғын үй» КММ-і әкімшілігі 5 оқушыны мектеп формасы және аяқ киіммен қамтамасыз етті.

Жеке Кәсіпкер «Ахмедхановна» 8 оқушыны мектепке қажет оқу құралдарымен қамтыды.

Акция барысында оқушыларымыз мектеп формасы және оқу құралдарымен 100% қамтылды.

Көмек көрсеткен жеке кәсіпкерлерге, қайырымды азаматтарға өз алғысымызды білдіреміз!!!

Қайырымдылық акциясы 30 қыкүйекке дейін өз жалғасын табады.

 





Дұрыс тамақтану

icon

Қайырымдылық жасауға жарысайық

iconБүгін мектебімізде өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында Қайырылымдылық жәрменкесі өткізілді.Жәрменкеге мектебіміздің оқушылары түрлі тәтті тағамдар пісіріп әкеліп қол жетімді бағада сатты. Игі істен жиналған қаражат мектебіміздің аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен отбасына табысталады.  

Біздің жеңімпаздар

icon

«Ұлтының ұлы тұлғалары» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

iconМақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

2019-2020 оқу жылы қорытынды аттестаттау

icon

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

iconМақсаты: Балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады 

Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік басталды.

icon- Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;  

«Ұлтының ұлы тұлғалары» атты Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты

iconМақсаты: ​ Қазақ тілі мен әдебиетінің ​ мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. 

«Великий и могучий русский язык»

icon27.01.-31.01.2020ж. күндері аралығында «Великий и могучий русский язык» тақырыбындағы орыс тілі мен әдебиеті апталығы 

"Әбіш оқулары"

iconӘ.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы,поэзиясынан) мәнерлеп оқу бөліміне мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы Ыбырай Нұрлыбек жүлделі ІІІ орын иеленді. 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылық жасауға жарысайық

Бүгін мектебімізде өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында Қайырылымдылық жәрменкесі өткізілді.Ж ...

13 ақпан 2020
«Ұлтының ұлы тұлғалары» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыз ...

12 ақпан 2020