«№27 Өмірзақ орта мектебі» КММ тарихы

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында КСРО ыдырап, әр ұлттың өз отандарына қарай үдере қоныс аударуына байланысты, Өмірзақ кентінде жан-жақтан қазақтар, қалпақтар келіп қоныстанды. Мұндағы бұрынғы ұлттар өз елдеріне кетті. Сол кездегі КСРО халықтарын жайлаған дағдарысқа байланысты жергілікті жерде мектептің болмауы, көшіп келушілерге балаларын оқытуға көп қиындық туғызды. Мұндағы балалардың бәрі қаладағы №2,3,8 мектептерде оқыды.

1992-1995 жылдары әрең дегенде жергілікті билік Янованың шапқылауымен бүгінгі мектеп, бұрынғы балабақшаның бір бұрышынан №2 мектепке тиісті бастауыш сыныптар ашты. Мұғалімдері Қошанова Ақсұлу, Татяна Михайловналар болған.
1995-1996 жылдары қоныстанушылар бірнеше рет қала әкімі С.Оспановқа мектеп ашу жөнінде ауызша, жазбаша шықты.
Нәтижеде 1998 жылдың 10 қазанында облыс әкімінің орынбасары Күмісқалиев мырза сол балабақшаны 9 жылдық толық емес орта мектеп қылып ашып, қоныстанушыларды қуанышқа бөледі. Мектептің алғашқы директоры Кесиков Таңбай, оқу-ісі жөніндегі орынбасары Құрмантаев Қосмырза, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ходжабеков Өмірзақ, Математик Айзақов Орынбек, бастауыш мұғалімдері Чопанова Х, Алмамедова Б, Қалиева, Қошанова А, орыс тілі мұғалімдері Т.Михайловна, Р.Петровна  сияқты мұғалімдермен жұмыс басталып, 1999-2000 оқу жылында ІІ жылдық орта мектепке айналды.
2016ж «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №27 Өмірзақ орта мектебі» аты "№27 Өмірзақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі болып өзгерді.
Қазіргі уақытта мектебіміз бүкіл қала мектептерінің арасында алдыңғы қатары 10 мектептің қатарында көрініп отыр.

2009-2018 жылдар арасында мектепті А.Срымгазиев басшылық қызмет атқарды. 

2018 жылдың 15 - ақпанынан бастап Нурбаева Дамен Дуйсенбековна басқарып келеді

Мектеп директоры Нурбаева Дамен Дуйсенбековна


Соңғы жаңалықтар

"АУЫЛЫМА АЛҒЫС АЙТАМЫН"

Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген Алғыс айту күні баршаңызға құтты болсын!  1 наурыз -  Алғыс ...

04 наурыз 2021
"Адал еңбектің жарқын бейнесі"

Қоғамдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын ілгері ...

04 наурыз 2021
"Ақындардың атасы"

Ақтау қалалық әкімдігінің қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Жыр алыбы Жамбыл Жабае ...

02 наурыз 2021
«Өрге сүйрер – жан еді»

Мақсаты: «Жастарға жол сілтеп жолды айқын,халқының қамын ойлайтын» тұлға Әшімбаев Тұтқабай Әшімб ...

02 наурыз 2021
«Алғыс айту -парызым»

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, оқушыларға ризашылық пен ...

02 наурыз 2021